Новости

    Сотталушының туыстары телефон мен есірткіні түрмеге қалай кіргізбек болды


    НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Түркістан облысындағы қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемесінің тексеріп-қарау бөлмесінде түрмеге ұялы телефон мен есірткі алып өтпек болған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    «Бауырына «көмек» көрсетпек болған Шымкент қаласы тұрғынының өзі де қылмыстық істің фигурантына айналуы мүмкін. Мекеме қызметкерлері оны тексеріп, қарау барысында ұялы құрылғы, құлаққап, флеш пен SIM-карта, сонымен қатар өзіндік исі бар жасыл түсті белгісіз зат оралған қағаз түйіншегін тауып алды. Ер адам оларды аяқ киімінің ішіне тығып өтпек болған», — дейді Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Теңізжан Жәнібеков.

    Оның айтуынша, ішінде беймәлім заты бар қағаз түйіншек сараптамаға жіберілген. Сараптама тәркіленген заттың салмағы 3 граммнан асатын кептірілген марихуана екенін көрсетті.

    ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті таратқан келесі оқиға Қарағанды облысындағы мекемеде тіркелген. Мекемеге келген сәлемдемелерді тексеру барысында олардың бірінен шамамен 4 грамм есірткі табылған. Есірткі «Colgate» тіс пастасының құтысына жасырылған.



    Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/sottalushynyn-tuystary-telefon-men-esirtkini-turmege-kalay-kirgizbek-boldy_a3566949”